
Мұғалжар ауданы көлемінде “Заң және тәртіп” жобасы аясында ағымдағы жылғы 20 мамыр мен 20 маусым аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында «Жолда қабылдау» акциясы өтуде.
Оның мақсаты қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтарға кеңестік және құқықтық көмек көрсетуге бағытталған.
Мұғалжар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Ақтөбе – Астрахань» тас жолының бойында жүргізушілерге жол жүрісі ережелерін сақтауын, жол-көлік оқиғасын алдын алу жұмыстары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Жедел профилактикалық іс-шарасының мақсаты – елді-мекендер мен республикалық маңызы бар тас жолдарда жүргізушілердің көлік жүргізу тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ Жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-mugalzhar/press/news/details/1005726?lang=kk

Жауап қалдыру