
Ақмола облысы прокурорының орынбасары М. Бақтыбекұлы жұмысшы мамандықтар жылы аясында өңірдің ірі кәсіпорындарының жұмысшыларымен кездесулер өткізді.
Сапар барысында кәсіпорын басшылары М. Бақтыбекұлы ұйымдардың қызметімен, даму жоспарларымен және бар проблемаларымен таныстырды.
Кездесулердің қорытындысы бойынша ұсыныстар беріліп, одан әрі өзара іс-қимыл жолдары айқындалды.
Сондай-ақ, «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде қызметкерлер арасында құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1005616?lang=kk

Жауап қалдыру