Туляремияның алдын алу: нені білу қажет

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Туляремия — Francisella tularensis бактериялары тудыратын жедел табиғи-ошақты жұқпалы ауру. Адам ағзасына қоздырғыштың ену жолына байланысты жұқтыру орын алады. Маңыздысы — туляремия адамнан адамға жұқпайды.
Табиғатта аурудың негізгі таратушылары — кеміргіштер: тышқандар, су егеуқұйрықтары, ондатрлар, қамысты егеуқұйрықтар және хомяктар. Туляремияның ерекшелігі — адамның дерлік 100% сезімталдығымен қатар, инфекцияның берілу жолдарының көптігі.
Жұғу жолдары – жәндіктердің шағуы арқылы (масалар, кенелер, сона); ауру жануарлармен байланыста болғанда; ластанған су мен тағам арқылы.
Ауру белгілері – жоғары температура, лимфа түйіндерінің қабынуы, терідегі жаралар, пневмония және ішек бұзылыстары. Алғашқы белгілер пайда болғанда дереу дәрігерге жүгіну қажет.
Алдын алу шаралары арнайы және арнайы емес болып бөлінеді:
✅Арнайы шаралар — вакцинация (эндемиялық аймақ тұрғындарына, аңшыларға, орманшыларға және т.б. арналған).
✅Арнайы емес шаралар — жәндіктердің шағуынан қорғану, гигиена сақтау, етті термиялық өңдеу, жабайы жануарлармен байланыстан аулақ болу.
Ақмола облысының аумағында туляремия бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты болып қалуда. Дегенмен, көктем-жаз мезгілінде жыл сайын профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау аумақтық басқармаларының мамандары Ұлттық сараптама орталығы облыстық филиалының лаборанттарымен бірлесіп ашық су айдындарынан су сынамаларын, кеміргіштерді, олардың тіршілік әрекетінің қалдықтарын және кенелерді зертханалық зерттеулер үшін жинап, талдау жүргізеді.
Соңғы жылдардағы зертханалық талдаулар нәтижелері бойынша туляремия қоздырғышы анықталған жоқ. Бұл жүргізіліп отырған бақылау мен профилактикалық жұмыстың тиімділігін көрсетеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1005603?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді