«Түркі жазбаларындағы әдеби-тілдік мұра және қазіргі кеңістік» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Түркі жазбаларындағы әдеби-тілдік мұра және қазіргі кеңістік» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция

Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Облыс мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген «Түркі жазбаларындағы әдеби-тілдік мұра және қазіргі кеңістік» тақырыбында ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Шара «Көне түркі жазба жәдігерлері – қазақ жазба мәдениетінің бастауы» тақырыбындағы фильм көрсетумен басталды.

Конференция мақсаты – өркениет тарихындағы түркі жазуларындағы әдеби-тілдік мұра мен олардың заманауи мәдениет кеңістігіндегі ахуалын нығайту болып табылады.

Конференция барысында түркі тілдес халықтарының мәдени мұрасы, жазба мәдениетінің тарихы, тіл және  әдебиет тақырыптары кең талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1005526?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді