«Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» акциясы: тұрғындар арасында сауалнама жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
20 сәуір мен 20 маусым аралығында елімізде ҚР Ішкі істер министрінің тапсырмасына сәйкес «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты республикалық акция өтуде.
Бұл акцияның мақсаты — қоғамдағы отбасылық құндылықтарды нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған мүлде жол бермеу. Отбасы — әр адамның тірегі, жылулықтың, мейірім мен сенімнің бастауы. Сондықтан оның қауіпсіздігі мен берекесі – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Аталған акция аясында Мақат ауданында полиция қызметкерлері мен қоғам белсенділері тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сауалнама алып, ақпараттық жадынамалар таратты. Шара барысында азаматтарға сыйластық, түсіністік пен бірлік қағидаттарын ұстанудың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.
Отбасындағы тыныштық — елдегі тұрақтылықтың кепілі.
Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1005525?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді