«Бала әл-ауқаты – мемлекеттің қамқорлығында»

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін, 27 мамыр күні, Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы Иннеса Александровна Чернышеваның қатысуымен ЦПД «Үміт» мекемесінде «Бала әл-ауқаты – мемлекеттің қамқорлығында» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
 
Іс-шараға мекеме директоры Майра Баймукановна Бейсеканова, жоғары сынып тәрбиеленушілері, педагогтар мен сала мамандары қатысты. Модераторлар ретінде Алимбаева С.А. мен Северьянов Е.А. сөз жүргізді.
 
Дөңгелек үстел шынайы диалог алаңына айналып, балалар өз пікірлерін ашық айтып, білім беру жүйесін жақсарту бойынша ұсыныстарын ортаға салды. Олар үшін маңызды болып табылатын тақырыптар – мектеп өмірінің қызықты әрі мазмұнды болуы, мұғалім мен оқушы арасындағы сенім, мектептегі жайлы ахуал, сондай-ақ тамақтану мен бос уақытты ұйымдастыру мәселелері қозғалды.
 
Іс-шара барысында:
•Балалар «бақытты мектеп» түсінігіне өз көзқарастарын білдірді;
•Қазіргі мектепке жетіспейтін дүниелер туралы ойларымен бөлісті;
•Сүйікті пәндері мен үйірмелер жайында айтты;
•Мектеп заңнамасына енгізгісі келетін өзгерістер туралы ұсыныстарын жеткізді.
 
Сондай-ақ, басқарма басшысы Иннеса Александровна тәрбиеленушілер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, білім саласындағы жаңашыл қадамдар туралы айтты. Жиын соңында ерекше жетістіктерге жеткен оқушыларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.
 
Мерекелік атмосфераны «Үміт» вокалдық студиясының орындауындағы әндер әрлеп, іс-шара әсерлі аяқталды. Қорытынды ретінде қатысушылармен естелік суретке түсілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1005400?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді