
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы (бұдан әрі-конкурс) адамгершілік құндылықтарды жандандыруға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) оң имиджін дамытуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурсты өткізу мақсаттары:
- отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңыздылығын мойындау;
- балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың жауапкершілігін арттыру;
- отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балалардың еңбекке жарамсыз және қарт ата-аналарға қамқорлығын көрсету және кеңінен насихаттау;
- қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау.
Конкурс үш кезеңнен тұрады:
бірінші кезең – аудандық, екінші – облыстық, үшінші – ұлттық.
Байқауға қатысу үшін өтінім мен құжаттар 2025 жылдың 15 маусымына дейін«Мәртөк аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-де қабылданады: С. Сейфуллин көшесі, 36, 7 кабинет.
Толығырақ: 8 /71331/ 21-7-01
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk/press/news/details/1005379?lang=kk

Жауап қалдыру