2025 жылға арналған Шоғырландырылған баяндаманы әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кеңсесінде 2025 жылға арналған жабық мекемелерге алдын ала бару нәтижелері бойынша Шоғырландырылған баяндаманы әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

Ісшараға Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур ЛастаевҮйлестіру кеңесінің хатшысы Раиса Шерсондайақ Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТқатысушыларының есептері негізінде баяндаманың бөлімдерін әзірлеуге жауапты Үйлестіру кеңесінің мүшелері қатысты.

Отырысты аша отырыпАртур Ластаев 2024 жылға арналған Шоғырландырылған баяндаманы сапалы дайындағаны үшін қатысушыларға алғыс білдіріпоның уақытылы әзірленіпжоғары деңгейде орындалғанын атап өтті.

Жыл сайынғы Шоғырландырылған баяндама Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесімен ҰАТ қатысушыларының есептері негізінде дайындаладыБаяндамада жабық мекемелерде ұсталатын адамдармен қарымқатынас жағдайларын жақсарту және азаптаудың алдын алу бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға арналған ұсынымдарсондайақ заңнаманы жетілдіруге қатысты ұсыныстар қамтыладыБұл құжат құзыретті мемлекеттік органдарғасондайақ ҚР Сыртқы істер министрлігі арқылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Азаптауға қарсы комитетіне жолданады.

Отырыс барысында қатысушылар 2025 жылға арналған жаңа баяндаманы әзірлеу барысын талқылапағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыс нәтижелерін ұсындыҰлттық алдын алу тетігінің мониторингтік топтары қылмыстықатқару жүйесі мекемелерінетергеу изоляторларынаІІМҚорғаныс министрлігіҰҚКнің арнайы мекемелерінесондайақ денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдарына бардыБірінші тоқсан ішінде 100-ден астам мекемеге алдын ала бару жүргізіліполардың нәтижелері Шоғырландырылған баяндаманың негізіне айналмақ.

Баяндаманың мерзімінде дайындалуын қамтамасыз ету және оның талдамалық бөлігінің сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударылдыҚұжатты әзірлеу жұмысына үйлестіру жүргізіп отырған Раиса Шер жұмыс топтарының міндеттерінесондайақ баяндаманың ресімделуі мен мазмұнына қойылатын талаптарға да тоқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-karaganda-oblysy/press/news/details/1005306?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді