
Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен полиция Департаменті ағымдағы жылдың сәуір айында есірткі заттардың заңсыз айналымының бірнеше деректерін анықтады.
Атап айтқанда, Түлкібас ауданының «Алматы-Шымкент» тас жолында жедел іздестіру шараларының нәтижесімен 12 мыңнан астам «Трамадол» есірткі препаратымен екі азамат ұсталды.
Күдіктілерге қатысты ҚК 297-б. 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Сонымен қатар, Кентау қаласында синтетикалық есірткіні заңсыз жарнамалайтын граффити бояумен айналысқан күдікті ұсталды.
Аталған факті бойынша ҚК 299-1-б. 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Бұдан бөлек, жедел-іздестіру іс-шараларымен Жетісай ауданында әкесі мен ұлы заңсыз «көкнәр» есірткісін өсіріп жүргені анықталды.
Күдіктілердің тұрғын үйілерін тінту барысында 1 882 түб «Көкнәр» есірткі заты мен тіркелмеген «Макаров» маркалы тапаншалары және пневатикалық тапаншалар табылды.
Бұл факті бойынша ҚК 300-бабының 2-бөлігімен тергеп-тексеру басталды.
Түркістан облысының прокуратурасы ескертеді:
Есірткі заттарын сақтау, пайдалану және тарату — заңмен қатаң тыйым салынған. Мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Заңды бірге сақтайық-болашақты бірге қорғайық!
Түркістан облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-turkestan/press/news/details/1005146?lang=kk
Жауап қалдыру