Зерендідегі экоквест – қызықты, танымды, командалық рухта өтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан балалары онкүндігі аясында Зеренді көркем жерінде 5 ауданнан келген 5 команда  қатысқан экологиялық квест ұйымдастырылды.

Балалар келесі станциялардан өтті:

– «Табиғатта қонақта»

– «Қызыл кітап және оның кейіпкерлері»

– «Тірі барометрлер»

– «Алаңқайда»

– «Табиғатты қорғау белгілері»

Әр команда тапқырлық пен білімдерін көрсетіп, бірігіп жұмыс істей алды. Балаларға тапсырмаларды белсенді түрде орындау, табиғат жайлы жаңа мәліметтер алу ерекше ұнады. Экоквест балаларға тек жаңа білім емес, сонымен қатар жағымды әсерлер мен тамаша көңіл-күй сыйлады!

Атап айтсақ, 26–28 мамыр аралығында Зеренді ауданындағы «Парус» демалыс орталығының базасында «Зерделі Зеренді» атты далалық экспедиция өтіп жатыр. Экспедицияға облыстың 5 өңірінен 40 оқушы қатысуда.

Қатысушыларға тың білім мен көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1005036?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді