
Психологиялық немесе психотерапиялық кеңес – мамандандырылған медициналық көмектің бір түрі. Бұл көмек нақты диагностика мен емдеуді, медициналық оңалтуды қажет ететін ауруларда, сондай-ақ телемедицина құралдарын пайдалана отырып көрсетіледі.
Пациент психолог қызметін өз емханасы деңгейінде келесі бағыттар бойынша ала алады:
* психологтың қабылдауы;
* балалар арасындағы суицидтің алдын алу бойынша сабақтар өткізу;
* мінез-құлықтық және психобелсенді бұзылыстарға күдік туған жағдайларда қабылдау;
* әлеуметтік бейімделу, жас ерекшелігіне сай қиындықтар бойынша кеңес беру;
* созылмалы аурулары бар пациенттерге өзін-өзі басқару тәсілдерін үйрету;
* жүкті әйелдерге, жасөспірімдерге және жастарға Жастар денсаулық орталықтарында қызмет көрсету.
Психологтың консультациясы ТМККК, МӘМС жүйесі аясында да қолжетімді.
#мәмсАлматыоблысы #осмсАлматинскаяобласть
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1012229?lang=kk
Жауап қалдыру