Әлеуметтік салықты төлейтін және төлемейтін тұлғалар

Жарияланды:

Автор:

категорияда
1. Мыналар әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылады:
      1) дара кәсiпкерлер;
      2) жеке практикамен айналысатын адамдар;
      3) Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары;
      4) Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар;
      5) тұрақты мекеме құруға әкеп соқпайтын құрылымдық бөлімше арқылы қызметін жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар.
      2. Мынадай салық төлеушілер әлеуметтік салық төлеушілер болып табылмайды:
      1) арнаулы салық режимін:
      патент негізінде;
      шаруа немесе фермер қожалықтары үшін қолданатындар;
      бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатындар;
      арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып қолданатындар;
      2) тірек-қимыл аппараты бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айрылған мүгедектігі бар адамдар жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдар.
      3. Резидент-заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесінің:
      осындай құрылымдық бөлімшенің шығыстары болып табылатын салық салу объектілері бойынша әлеуметтік салықты есептеу мен төлеу;
      осындай құрылымдық бөлімше есепке жазған, төлеген төлем көзінен салық салынуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттемелерді бір мезгілде орындауын тануға құқылы.
      Резидент-заңды тұлғаның мұндай шешімін қабылдау немесе оның күшін жою осындай шешім қабылданған тоқсаннан кейінгі тоқсанның басынан бастап қолданысқа енгізіледі.
      Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше әлеуметтік салық төлеуші деп танылса, онда заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімшенің құрылған күнінен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған тоқсаннан кейінгі тоқсанның басынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-ulytau/press/news/details/1012348?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді