АУДАН ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
АУДАН ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ
📌 Бүгін аудан әкімі Арман Сабитов азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін тыңдады. Қабылдау барысында айтылған ұсыныстар мен өтініштер ауылдық округтердің тыныс-тіршілігін кеңінен қозғап, халық үшін маңызды бірнеше бағыттарды қамтыды.
Қайнарбұлақ ауылдық округінен келген тұрғын ауылдық Әйелдер кеңесінің жұмысына қолдау көрсету мақсатында әкімшілік ғимараттан арнайы бөлме бөлуді сұрады. Бұл ұсыныс аудан басшысының назарға алуымен тиісті мекемеге қарау үшін жолданды.
Ақсукент ауылынан келген бірнеше тұрғын әртүрлі мәселелерді көтерді. Соның бірі – Ақсу ауылында орналасқан көмір таратушы мекемеге қатысты пікірін білдірсе, енді бірі электр энергиясы мен ауыз суға байланысты қиындықтарды алға тартты. Аудан әкімі аталған мәселелердің жеке өзінің назарында екенін жеткізіп, алдағы уақытта түйткілдерді егжей-тегжейлі зерделеп, нақты шешу жолдарын қарастыру үшін жауапты бөлімдерге тапсырма берді.
Сонымен қатар, қабылдауға келген тұрғындар тарапынан жер учаскесі, мал қора және басқа да шаруашылыққа қатысты өтініштер айтылды.
Аудан басшысы А.Сабитов барлық көтерілген мәселелердің заң аясында шешілетіндігін жеткізіп, олардың орындалу барысы жеке бақылауында болатынын атап өтті.
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sairam-audany/press/news/details/1012530?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді