Целиноград ауданының жас дзюдошылары «Олимпиадалық үміттер» облыстық жарысында жүлделі орындарға ие болды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 2–6 маусым аралығында Степногорск қаласында 2012–2013 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында «Олимпиадалық үміттер» облыстық спорттық жарыстары өтті. Бұл дода Ақмола облысының түкпір-түкпірінен келген үздік жас спортшыларды жинап, олардың шеберлігін, дайындық деңгейін және жеңіске деген жігерін сынға салды.

Аталған жарыста Целиноград ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жас дзюдошылары жоғары нәтиже көрсетіп, ауданымыздың абыройын асқақтатты.

🥇Жарыс қорытындысы бойынша чемпион атанғандар:

Мадиярқызы Айя (40 кг)

Шеховцова Дарья (44 кг)

Дәулетұлы Сұлтан (35 кг)

🥈Күміс жүлдегер:

Есенқызы Айсәуле (40 кг)

🥉Қола медаль иегерлері:

Соколовский Вадим (42 кг)

Серікбай Әлішер (38 кг)

Жазықбай Нұрасыл (35 кг)

Спортшыларымызды және оларды жарысқа дайындаған дзюдо бапкерлері —

Мұсұрманова Ақгүл мен Мұсұрманов Жақсылық Нұрболұлына шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Олардың кәсіби еңбегі мен қажыр-қайратының арқасында шәкірттері осындай биік жетістікке жетіп отыр.

Жас спортшыларымызға алдағы жарыстарда жаңа жетістіктер, жоғары белестер мен жарқын жеңістер тілейміз! Еңбектерің жана берсін, жас чемпиондар!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1013382?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді