ІШКІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау жұмыстарының 2025 жылға арналған бекітілген кестесіне сәйкес, 21 сәуірі мен 4 маусымы аралығында Түркістан қаласы әкімдігінің дербес бөлімдерінде ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жұмыстар аясында Түркістан қаласы әкімі аппаратының басшысы Қуаныш Нұржанұлы Әлібековтің төрағалығымен ішкі талдау нәтижелерін талқылауға арналған мәжілісі өтті.
Жиынға жұмысшы топ мүшелері, қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы, қала әкімінің аппараты қызметкерлері, дербес бөлім басшылары және Түркістан қалалық мәслихатының депутаты қатысты.
Мәжіліс барысында ішкі талдаудың алдын ала қорытындылары таныстырылып, анықталған мәселелерді жоюға бағытталған бірқатар нақты ұсыныстар берілді. Аппарат басшысы аталған ұсыныстарды жүзеге асыру мақсатында жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктеді.
Сонымен қатар, жиында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ашықтық пен қолжетімділікті арттыру, бақылау тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған профилактикалық жұмыстарды жетілдіру мәселелері де күн тәртібінде көтерілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1013105?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді