САРЫАҒАШ: МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ҰЛТТЫҚ МАҚТАНЫШЫМЫЗ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Бүгін 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай  Сарыағаш қаласында орналасқан  «Мемлекеттік рәміздер» алаңында  «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» атты салтанатты шарада Мемлекеттік Ту көкке көтеріліп, Әнұранымыз  шырқалды.Мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев, аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы, мәслихат депутаттары, зиялы қауым,белгілі спортшылар, жастар және аудан тұрғындары қатысты.

-Құрметті аудан тұрғындары! Баршаңызды 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болу үшін біз өз елімізді, туған жеріміз бен Отанымызды ардақ тұтуымыз қажет. Оның ең алғашқы қадамы мемлекеттік рәміздерді құрметтеуден басталады.Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бастаған ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін! Бірлігіміз жарасып, еліміздің жарқын болашаққа бастар жолында нық қадам жасап, ынтымағы жарасқан ел болайық! Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, рәміздеріміздің мәртебесі биік болсын!- деп мерекелік жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев құттықтап,сала  озаттарын марапаттады.

 

Мерекелік шара барысында мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы да аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Шара аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының Патриоттық рухтағы әндерімен жалғасты.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1013091?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді