Қарағандыда полицейлер ұрлық дерегін әшкереледі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағандыда полицейлер ұрлық дерегін әшкереледі
Қарағанды қаласында 45 жастағы тұрғынның пәтерінен құны 80 мың теңге болатын «ақылды» колонка ұрланды. Гаджет иесі бірден полицияға жүгініп, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жедел іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары 24 жастағы қала тұрғынын анықтады. Тергеу барысында оның үй иесінің аңғалдығын пайдаланып, ашық тұрған есік арқылы пәтерге кіргені белгілі болды.
Күдікті өз кінәсін мойындап, ұрланған құрылғыны қайтарып берді. Заттай дәлелдеме қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/1012977?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді