
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Астана қаласының Жетісу саябағында «Жер – біздің ортақ үйіміз» атты кең ауқымды экологиялық акция өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Акция үш кезең бойынша өткізілді. Елорданың жүзден астам мектебінің оқушылары қатысып, табиғатты аялауға үндейтін мазмұнды суреттер салды.
Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын қолдау мақсатында оқушылар мен студенттерге арналған «Планета үшін 5 іс» экочелленджі де жарияланды. Челленджге қатысушылар ағаш отырғызып, тұрмыстық қалдықтарды жинап, экологиялық флайерлер мен постерлер әзірлеп, әлеуметтік желілерге бейнероликтер жүктейді. Бұл бастама өскелең ұрпақтың табиғатқа жанашыр көзқарасын қалыптастыруға бағытталған, – деп атап өтті Айсұлу Болатбекқызы.
Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы мен Экология және табиғи ресурстар министрлігі бірлесіп ұйымдастырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1012875?lang=kk

Жауап қалдыру