“Мемлекеттік рәміздер- Тәуелсіз Қазақстанның кепілі” атты дөңгелек үстел өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бұлақты ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай,, Мемлекеттік рәміздер- Тәуелсіз Қазақстанның кепілі,, атты дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге қатысқандар, әкімшілік, мәдениет қызметкерлері, және жастар.
Мақсаты — Мемлекеттік рәміздердің маңызын насихаттау, оларға деген құрметті арттыру және ұлттық сананы қалыптастыру. Дөңгелек үстел барысында кітапханашы Маусымбекова Мемлекеттік рәміздердің тәуелсіздік жолындағы символдық мәні, олардың тарихи маңызы мен қоғамдағы рөлін кеңінен талқылап, ақпарат беріп өтті. Сонымен қатар сөз алған бас маман Орынбаева Айнұр Рәміздер Қазақстанның тарихы мен мәдениетін, халықтың рухани құндылықтарын көрсететіндігін баяндап берді.
Шараға қатысқан қатысушылар өз ойларын ортаға салып, мемлекеттік рәміздердің ел тарихындағы орны туралы пікірлерімен бөлісті. Олар рәміздерді құрметтеу — әр азаматтың қасиетті борышы екенін атап өтті. Шараға қатысқандар саны -10.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-beskol/press/news/details/1012872?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді