«9_16» атты қысқаметражды балалар фильмінің тұсаукесері өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай,  мемлекеттік шығармашылық тапсырысты жүзеге асыру мақсатында ШҚО филармониясының кинозалында жеке кәсіпкер Көнілхан Алияның жетекшілігімен «SAMGA»  даму орталығының 50-ден астам тәрбиеленушілерінің қатысуымен «9_16» атты қысқаметражды балалар фильмінің тұсаукесері өтті.

«9_16» – бұл заманауи мектеп өмірінің өзекті мәселелерін көтеретін, жасөспірімдердің ішкі әлемін ашатын, балалар арасындағы қарым-қатынасты көрсететін жасөспірімдерге арналған қысқаметражды фильм.

Фильмде бүгінгі мектептегі буллинг пен кибербуллинг, балалар арасындағы достық пен сенім, ұстаздың мәртебесі мен миссиясы, отбасылық тәрбиенің рөлі, сондай-ақ ұлттық тарих, ана тілі, салт-дәстүрді сақтап, жаңа коммуникациялық құралдармен үйлестіру мәселелері жан-жақты көрініс тапты.     

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1013516?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді