
1 маусым күні сағат 10-00-де Егіндібұлақ ауылының балалар ойын алаңында мектеп, клуб және кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен “1 маусым- Халықаралық Балаларды Қорғау күніне” орай шара өткізілді. Ең басында округ әкімі сөз сөйлеп, 2024 жылдың 1 маусымы және 2025 жылдың 1 маусым аралығында дүниеге келген барлық нәрестелерді мерекемен құттықтап, сыйлықтар табыстады. Мереке жүргізушілері балалармен әр түрлі ойын ойнатып, жұмбақтардың жауабын тапқан балаларға сыйлықтар берді. Балалардың мерекесі барысында алма, апельсин, киви жемістері және “Турганбаева” жеке кәсіпкер Гаухар Турганбаева барлық балаларға балмұздақ, ал “Айлана” жеке кәсіпкер Алан Утегалиев табиғи шырын таратты. Мерекелік бағдарламада қуыршақ арбаларының шеруі өтті. Оларға естелік сыйлықтар берілді. Осы шараға демеушілік көрсеткен “Сундеткалиев А.С.”, “Шапошников В.А.”, “Марченко” шаруа қожалық басшыларына және “Айлана”, “Адильбек”, “Турганбаева Г.”, “Азиз” жеке кәсіпкер басшыларына округ әкімі ризашылығын білдіріп алғыс атты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-baiterek-egindibulak/press/news/details/1013680?lang=kk

Жауап қалдыру