ШЫМКЕНТТЕ ЖӘРМЕҢКЕ ӨТЕДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!

“Жұмысшы мамандықтар жылына” орай “Еңбек адамы – елдің байлығы” атты бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді.

Іс-шара 11 ақпан сағат 11:00-де Назарбаев даңғылы, 12 мекенжайындағы “Көрме” орталығында ұйымдастырылады.

Жәрмеңкеде қала аумағындағы ірі кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер түрлі саладағы бос жұмыс орындарын ұсынады.

Іс-шара азаматтарға жұмыс табуға, жұмыс берушілер үшін білікті мамандарды таңдауға үлкен мүмкіндік береді.

Баршаңызды жәрмеңкеге қатысуға шақырамыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/934497


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді