АУДАНДА ҰЛТТЫҚ САНАҚ НАУҚАНЫНА ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
АУДАНДА ҰЛТТЫҚ САНАҚ НАУҚАНЫНА ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін аудан әкімдігінде ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу науқанына дайындық жұмыстары туралы жиын өтті. Оған аудан әкімі Арман Сабитов төрағалық етіп, күн тәртібіндегі негізгі мәселе – санақ барасындағы жұмыстарды үйлестіру шаралары мен алдағы міндеттерді нақтылау болды.
Жиында аудандық статистика басқармасының басшысы Бейсенкүл Нұршайықова баяндама жасап, қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан дайындық деңгейіне тоқталды. Санақ өткізу барысындағы негізгі бағыттар мен орын алуы мүмкін тәуекелдер жайлы мәлімет берді.
Аудан басшысы А.Сабитұлы: «Ұлттық санақ – ел дамуына негіз болатын маңызды мемлекеттік шара. Сондықтан, әрбір тиісті сала басшылары бұл процеске үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Атқарылатын жұмыстардың барлығы тікелей өзімнің қадағалауымда болады» деді.
Мәжіліс соңында уақтылы атқарылатын жұмыстар мен назар аудару тиіс мәселелер жайында барлық бөлімдер мен ауыл әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктелді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sairam-audany/press/news/details/1013986?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді