Су қауіпсіздігі
Жаз мезгілі – ашық ауада демалуға, сонымен қатар су айдындарының маңында уақытты жақсы өткізуге қолайлы болып табылады. Алайда, судың жанында қажетті сақтық шараларын сақтамау әртүрлі оқиғаларға әкелуі мүмкін. Осыған байланысты азаматтардан су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрай отырып келесі іс-қимылдардың тыйым салынатындағын жеткіземіз:
– суға алкогольдік және есірткілік мас күйінде шомылуға ;
– айлақтардан, көпірлерден, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секіруге;
– тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгу;
– жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;
– балаларға ересектердің қарауынсыз суға кіруге;
Ұзақ шомылу денсаулық үшін де қауіпті екенін және шомылудың ұзақтығы негізінен ауа температурасына, суға және желдің күшіне байланысты екенін атап өткен жөн.
Есіңізде болсын! Судағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау ғана қайғылы оқиғалардың алдын алады.
Т. Рысқұлов ауданы ТЖБ
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov/press/news/details/1013955?lang=kk

Жауап қалдыру