
Аудан әкімі Нұрлыбек Унербаевтің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Отырыста Жастар арасындағы қылмыстардың, алаяқтық және интернет алаяқтық бойынша алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру, интеграцияланған бейнебақылау камераларының жұмысы, сонымен қатар аудан мекемелерінің, Бадамша, Әлімбет, Желтау ауылдық округтерінің құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылып жатқан шаралары туралы талқыланды.
Жиын қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-kargala/press/news/details/1014184?lang=kk

Жауап қалдыру