Туризм және спорт министрі биатлоннан алтын және күміс медаль жеңіп алған спортшыларды құттықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Харбинде өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында биатлоннан ерлер арасындағы бәсекеде Владислав Киреев IX қысқы Азия ойындарының чемпионы атанса, тағы бір отандасымыз Вадим Куралес күміс жүлдеге ие болды.
«Фристайл-акробатикадағы жігіттердің алтынынан кейін іле-шала биатлон спортындағы саңлақтарымыз ел қоржынына бір алтын, бір күміс жүлде салды. 10 шақырымға спринтерлік жарыста Владислав Киреев мәре сызығын бірінші кесіп, қуаныш үстіне қуаныш сыйлады. Сондай-ақ тағы бір отандасымыз Вадим Куралес те екінші орынға ие болып, күміс жүлдегер атанды. Владислав пен Вадимді айтулы жеңістерімен шын жүректен құттықтаймын. Олар ел сенімін ақтап, барша спорт жанкүйерін жарқын жеңістерімен қуантты.
Жігіттеріміз бұл жүлдемен шектеліп қалмайды деп сенемін. Бірер күннен соң олар командалық сында жарыс жолына шығып, бізді тағы да жоғары марапаттармен қуантады деп үміттенеміз. Бүгінгі қос алтын мен бір күміс құтты болсын, Қазақ елі!», – деді министр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/935484


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді