
2025 жылдың 2–8 маусым аралығында Алматы қаласында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері мен қызметкерлері арасында республикалық спартакиада өтті.
Спорттық додаға еліміздің 17 өңірінен 700-ге жуық қатысушы волейбол, шағын футбол, баскетбол, үстел теннисі, бес асық, асық ату сынды спорт түрлері бойынша бақ сынасты.
Спартакиада нәтижесінде Ақтөбе облысының құрамасы жүлделі II орынға ие болды.
Жекелей нәтижелер:
Бес асық – І орын – Шалқар көпсалалы колледжі
Тоғызқұмалақ – ІІ орын – Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі
Үстел теннисі – ІІ орын – ALT Ақтөбе гуманитарлы-техникалық колледжі
Волейбол (ерлер) – ІІІ орын – Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжі
Асық ату – ІІІ орын – Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1014364?lang=kk
Жауап қалдыру