
Есірткіге қарсы айлық аясында бейінді топтардың оқушыларымен нашақорлықтың алдын алуға арналған ақпараттық-ағартушылық кездесу өтті.
Шараға спикер ретінде :
– Анна Куликова, Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығы мен Медициналық-психологиялық көмек қызметінің психологы,
– Ирина Тимиргалиева, Павлодар облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім басшысы қатысты.
Сарапшылар қатысушыларға есірткі заттарын қолданудың психологиялық және әлеуметтік қауіптері, алдын алу шаралары, сондай-ақ заңнамада көзделген құқықтық салдарлар туралы айтып берді. Мамандар тарапынан уақытында көмекке жүгінудің және қолдаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1014389?lang=kk
Жауап қалдыру