2025 жылғы 19-23 мамыр аралығында «Мирас – 182а» ҮИК басқару органының қызметіне «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларының талаптарын сақтау тұрғысынан жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру 2024 жылғы 1 қарашадан бастап 2025 жылғы 5 мамырға дейінгі кезеңде Естай Беркімбай к., 182 көппәтерлі тұрғын үйге Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабы 5-тармағының 3-тармақшасы негізінде жүргізілді.
Жоспардан тыс тексеру барысында қаралып отырған кезеңдегі құжаттарға талдау жүргізілді, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 320-бабының 5-бөлігі бойынша Естай Беркімбай к., 182- үй тұрғындарына атқарылған жұмыс туралы есептер беру туралы ақпараттың болмауына қатысты бұзушылық анықталды. «Мирас – 182а» ҮИК басқару органы бір күнтізбелік жылға ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚРЗ талаптарын, ортақ мүлікті күтіп-ұстау қағидаларын сақтау, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заң талаптарына сәйкес, кондоминиум объектісін басқару және мүлікті күтіп-ұстау жөніндегі есептерді ұсыну, тұрғындарды таныстыру туралы растайтын тоқсан сайын және жыл сайын ақпарат ұсыну ұсынылды
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ekibastuz-inspekcia/press/news/details/1014330?lang=kk
Жауап қалдыру