«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Жетісу облысының табиғатты қорғау полициясы блогерлер мен эко-активистердің қатысуымен «Полиция тазалық үшін» атты іс-шара өткізді. Акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті арттыру және тұрғындарды жауапкершілікке шақыру.
Рейд барысында елді мекендер аумағында санитарлық талаптарды бұзу фактілері анықталып, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері тіркелді. Бір күн ішінде 4 стихиялық қоқыс орны анықталып, тиісті шаралар қабылданды.
Сондай-ақ, елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұзғаны және ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны үшін 87 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция қызметкерлері қоршаған ортаны таза ұстау әрбір азаматтың борышы екенін еске салады. Қоқысты бейберекет төгу – бұл тек ұсқынсыз көрініс емес, сонымен қатар табиғатқа, адамның денсаулығына және болашақ ұрпаққа тікелей зиян келтіреді.
#біздіңполиция #нашаполиция #тазақазақстан
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1014264?lang=kk

Жауап қалдыру