
Шолпан Нұрметқызы Шәріпова – 1959 жылы 17 қарашада Алматы облысында дүниеге келген.
1982 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «санитарлық дәрігер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1982 жылы Нарынқол аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станциясында санитарлық дәрігер болып бастады.
1998 жылы Жетісу ауданының санитарлық-эпидемиологиялық станциясында коммуналдық бөлімінің дәрігері және жетекші маманы болып жұмыс істеген.
2010 жылдан бастап Түрксіб ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының коммуналдық гигиена бөлімінде жетекші және бас маман болып жұмыс істеп, 2015 жылы бөлім басшысы болып тағайындалған.
2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласының сантариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде еңбек шарты бойынша жұмыс істейді, жалпы жұмыс стажы 43 жыл.
Жұмыста жеткізген жетістіктері үшін әр түрлі ведомстволардың алғыс хаттарымен, грамоталарымен марапатталған.
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Шолпан Нұрметқызы Шәріповаға көп жылдық еңбегі үшін алғыс айтады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1014736?lang=kk

Жауап қалдыру