
Ұлжалғас Қапарқызы Сұлтанаева – 1959 жылы 2 тамызда Алматы облысында дүниеге келген.
1980 жылы Республикалық медициналық училищесін «санитариялық фельдшер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1980 жылы Нарынқол аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясында эпидемиолог лауазымынан бастап, одан әрі 1984 жылдан 1987 жылға дейін Қақпақ ауылындағы ауруханада медбике болып жұмыс істеген.
1987 жылы Фрунзе ауданының санитариялық-эпидемиологиялық станциясында эпидемиологтың көмекшісі, одан әрі 2018 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін жетекші маман болып жұмыс істеді.
2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Медеу ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында еңбек шарты бойынша жұмыс істейді, жалпы еңбек стажы 47 жылдан асады.
Жұмыста жеткізген жетістіктері үшін әр түрлі ведомстволардың алғыс хаттарымен, грамоталарымен марапатталған.
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ұлжалғас Қапарқызы Сұлтанаеваға көп жылдық еңбегі үшін алғыс айтады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1014731?lang=kk

Жауап қалдыру