
Азаматтық қорғау органдары жүйесінде толықтыру — мамандар алғашқы офицерлік шендерге ие болды. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығына сәйкес, Шухрат Муртаевқа, Сапаргүл Ақылбековаға, Алишер Алимбековке және Бегзат Базарбековқа азаматтық қорғау лейтенанты атағы — орта басшылық құрамының алғашқы арнаулы шені берілді. Салтанатты түрде погонды табыстау рәсімі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәжіліс залында өтті. Жұлдызшалы погондар — офицерлік абырой мен жауапкершіліктің белгісі — Департамент басшысы тарапынан әріптестер мен басшылықтың қатысуымен табысталды. Алғашқы офицерлік шенді иелену — әрбір қызметкердің кәсіби жолындағы маңызды кезең. Бұл — жүріп өткен қызмет жолының бағасы ғана емес, сонымен қатар азаматтардың қауіпсіздігіне, жедел әрекет етуге және қызметке адал болуға деген жаңа жауапкершіліктің бастамасы.
Жамбыл облысы ТЖД ИЖ және СКТ
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1014833?lang=kk
Жауап қалдыру