
ЕРНАР ЕСІРКЕПОВ ТЕРЕҢӨЗЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін аудан әкімі Ернар Есіркепов кезекті халықпен кездесуді Тереңөзек ауылдық округінде өткізіп, тұрғындарға өткен жылы жүзеге асырылған жұмыстар мен биылғы жоспарларды баяндады.
Кездесу барысында аудан басшысына ауыл тұрғындары тарапынан көлік жолдарын жөндеу, округішілік аялдама орнату, спорт кешенін салу, «Жасыл желек» жобасын жүзеге асыру, тау бөктерінен келетін ағын сумен ауылдарды қамтамасыз ету, сондай-ақ бейіттерді қоршау мәселелерін көтеріп, оларға қолданыстағы заңнамалар шеңберінде түсініктемелер берілсе, бірқатар өзекті мәселелер өз шешімін тапқанға дейін бақылауға алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov/press/news/details/1012834?lang=kk

Жауап қалдыру