
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Үшарал қаласындағы орталық «Даңқ» аллеясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеру рәсімі салтанатты түрде өткізілді.
Іс-шарада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалып, Мемлекеттік Тудың биікке көтерілуі ел азаматтарының отансүйгіштік сезімін арттырып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметін айшықтады.
Мемлекеттік рәміздер – егемендігіміздің нышаны, халқымыздың бірлігі мен болашағына деген сенімінің символы.
Туымыз әрдайым көкте желбіреп, тәуелсіз еліміздің мәртебесі асқақтай берсін!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1012765?lang=kk

Жауап қалдыру