2025 жылғы 10 маусымда Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында мүгедектігі бар адамдар мәселелері бойынша облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшілерінің, аудандар мен қалалар әкімдерінің, «Ақмола облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаменті» РММ аумақтық бөлімшесінің өкілдерінің, білім, денсаулық сақтау басқармалары қатысуымен проблемалық мәселелер бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін Ашық есік күні өтті.
Аталған іс-шарада мүгедектігі бар адамдарға мүгедектер арбасын ресімдеу, санаторий-курорттық емдеу үшін жеке оңалту бағдарламасын әзірлеу мәселелері талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-social/press/news/details/1015097?lang=kk

Жауап қалдыру