
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
“Сұрапыл жылдар”
Халқымыздың басынан өткен зұлмат жылдар – ұлт тарихындағы ең ауыр кезеңдердің бірі. Миллиондаған жазықсыз жандардың тағдыры тапталып, сан мыңдаған қазақ зиялылары «халық жауы» атанып, атылды, айдалды, жер аударылды.
Бүгін біз олардың рухына тағзым етіп, ұрпақ жадында мәңгі жаңғырып тұруы үшін “Сұрапыл жылдар” атты кеш ұйымдастырып отырмыз.
Бұл кеш – тек еске алу емес, сабақ алу.
Бұл кеш – үнсіздікке айналған үміттердің, үзілген тағдырлардың үнін естірту.
Бұл кеш – Тәуелсіздіктің оңай келмегенін ұғындыру.
Біз өткенімізді ұмытпаймыз. Өйткені, өткенді ұмытқан – болашаққа немқұрайлы қарағанмен тең.
#СаясиҚуғынСүргін #31мамыр #СұрапылЖылдар #Тағзым #ТарихтыҰмытпайықм

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan-zhaiylma/press/news/details/1015110?lang=kk

Жауап қалдыру