
Экибастұз қаласындағы Беркімбаев көшесінде канализациялық коллекторды қайта жаңарту жұмыстары басталды
Торайғыров көшесінен Амангелді көшесіне дейінгі учаскеде канализациялық коллекторды жерасты (санация әдісімен) қайта жаңарту жұмыстары басталғанын хабарлаймыз. Коллектордың диаметрі — 500–400 мм.
Санация әдісін қолдану жол жабыны мен қалалық инфрақұрылым нысандарын сақтап қалуға мүмкіндік береді және тұрғындар үшін қолайсыздықтарды барынша азайтады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ekibastuz-stroy/press/news/details/1015195?lang=kk

Жауап қалдыру