
Көкшетауда зейнеткер Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ақмола облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің араласуынан кейін сапасыз тоңазытқыштың толық құнын қайтара алды. Қайтару сомасы 199 990 теңгені құрады.
I******** маркалы тоңазытқыш 2024 жылдың қазан айында сатып алынды. Екі айдан кейін техника жұмысын тоқтатты. 2025 жылдың көктемінде бұрын кепілдендірілген жөндеуге қарамастан, ақаулық қайталанды — компрессор істен шығып, құрылғыны пайдалану мүмкін болмады.
Тұтынушы бірнеше рет сауда ұйымына ақшаны қайтаруды немесе тауарды ауыстыруды талап етті. Алайда оның өтініштері қанағаттанбай қалды. Сонымен қатар, сатушы оған қолданыстағы заңнамада көзделген құқықтарды түсіндірмей, одан әрі кепілдік жөндеуден бас тартуға қол қоюды ұсынды.
Өзінің тұтынушылық құқықтарының бұзылғанын түсінген әйел Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ақмола облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне көмек сұрады. Ведомство мамандары консультациялық және заңгерлік қолдау көрсетті, шағым жасауға көмектесті және сотқа дейінгі реттеу рәсіміне бастамашылық жасады.
Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде сатушы тұтынушының талаптарын өз еркімен қанағаттандырды және ақшаны толық көлемде қайтарды.
Департамент еске салады: егер кепілдік мерзімі белгіленген өнімде кемшіліктер табылса, тұтынушы талап етуге құқылы:
- кемшіліктерді жою (тегінжөндеу),
- тауарды тиісті сападағы ұқсас тауарға ауыстыру,
- сатып алу бағасының пропорционалды төмендеуі,
- сатып алу-сатушартынбұзаотырыптөленгенсоманықайтару.
Сондай-ақ, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 30-бабының 6, 7 және 8-тармақтарына сәйкес тұтынушының талаптарын орындауды кешіктірген әрбір күн үшін сатушы тауар құнының 1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті. Бұл ретте, сол баптың 7-тармағына және ҚР Азаматтық Кодексінің 455-бабының 2-тармағына сәйкес тауар түрінің тозғаны немесе жоғалғаны үшін қайтару сомасынан ұстап қалуға жол берілмейді.
Егер сіз тұтынушы ретінде өз құқықтарыңыздың бұзылғанын байқасаңыз, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің аумақтық бөлімшелеріне жүгінуіңізге немесе электрондық сервистерді пайдалануыңызға болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-kzpp/press/news/details/1015233?lang=kk

Жауап қалдыру