ШҚО қан орталығында мерекелік шара өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

14 маусым – Дүниежүзілік қан доноры күні. Бұл мереке 21 жыл бұрын дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Халықаралық қызыл крест және қызыл жарты ай федерациясының, Халықаралық қан донорлары ұйымдары федерациясының және халықаралық қан құю қоғамының бастамасымен енгізілді.

Мереке қарсаңында, 13 маусым күні, Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында «Қан тапсыр – үміт сыйла» ұранымен қайырымдылық донорлық акция өтеді. Шараның басталуы сағат 10.00-де. Бұл күні донорларға алғыс хаттар, мадақтама қағаздары мен сыйлықтар табысталып, мерекелік концерт ұйымдастырылады.

Концерттік бағдарламадан кейін қан орталығы БАҚ өкілдеріне арналған Ашық есік күні өтеді. Ондағы мақсат – ерікті донорлықты насихаттау, халыққа қан тапсырудың маңыздылығын түсіндіру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1015492?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді