Мойынқұмдағы жүкті әйелдер денсаулығы – бақылауда

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Мойынқұмдағы жүкті әйелдер денсаулығы – бақылауда
Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Сәрсенбекұлы Назарбек бүгін Мойынқұм аудандық орталық ауруханасына ескертусіз барып, жүкті әйелдерге көрсетіліп жатқан медициналық қызмет сапасымен танысты. Бұл іссапар ана мен бала денсаулығына қатысты өзекті мәселелерді көзбен көріп, жергілікті медицина қызметкерлерімен пікір алмасуға мүмкіндік берді.
Сапар барысында басқарма басшысы перзентхана бөлімшесі мен әйелдер консультациясын аралап, медициналық қызмет көрсету жағдайларын жіті бағамдады. Мамандармен әңгіме барысында жүктілікті бақылау, босануға дайындық және сәби өмірінің алғашқы кезеңіндегі медициналық көмек сапасы сөз болды.
Сондай-ақ Сержан Назарбек ем қабылдап жатқан болашақ аналармен де тілдесіп, олардың медициналық қызметке қатысты ой-пікірлерін тыңдады. Жүктілік кезеңіндегі бақылаудың қолжетімділігі мен дәрігерлердің кәсібилігі – әйелдер үшін шешуші фактор екенін атап өтті.
Басқарма басшысы ана мен бала денсаулығын сақтау – денсаулық сақтау саласының басым бағыттарының бірі екенін еске салып, бұл бағыттағы жұмысты жандандыруға қатысты нақты тапсырмалар жүктеді. Әсіресе, мамандармен қамту, медициналық жабдықтау, шұғыл көмек көрсету сапасын арттыру және әйелдер консультациялық пункттері (ВОП) жұмысын жетілдіру мәселелеріне ерекше мән берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1015562?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді