«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ҰЛТТЫҚ КОНКУРСЫНА 15 МАУСЫМҒА ДЕЙІН ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

⚜️«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы (бұдан әрі-конкурс) адамгершілік құндылықтарды жандандыруға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) оң имиджін дамытуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

🔹Конкурсты өткізу мақсаттары:
1. отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңыздылығын мойындау;
2. балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың жауапкершілігін арттыру;
3. отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балалардың еңбекке жарамсыз және қарт ата-аналарға қамқорлығын көрсету және кеңінен насихаттау;
4. қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау.

🔸Конкурс үш кезеңнен тұрады:
бірінші кезең – аудандық, екінші – облыстық, үшінші – ұлттық.

📍Толық ақпаратты Мәртөк аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінен, ауылдық округ әкімдіктерінен алуға болады.

📞8 /71331/ 21-7-01

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk/press/news/details/1015720?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді