Қазақстан Польшамен фармацевтика саласындағы екіжақты байланыстарды нығайтуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Варшава, 2025 жылғы 10 маусым Қазақстанның Польшадағы Елшісі Нұрлан Жалғасбаев TZF Polfa поляк фармацевтикалық зауытында болып, Компания Президенті Максимилиан Щвинярскиймен кездесті. Кездесу ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің ү. ж. мамыр айында Варшаваға жасаған сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың жалғасында өтті.

Қазақстандық дипломат компанияның Қазақстанда TZF Polfa қатысуын кеңейту жөніндегі жоспарларымен, сондай-ақ келісімшарттық өндіріс пен технологиялар трансфертін, оның ішінде инсулин, ОЖЖ үшін және т.б. препараттар өндіру саласындағы жолға қою перспективаларымен танысты.

Сондай-ақ, дәрілік заттардың кең спектрін өндіру бойынша кешен құрылысының жобасы таныстырылды.

Қорытындысы бойынша компанияның Қазақстандағы қызметін одан әрі кеңейтуге жәрдемдесу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/press/news/details/1015801?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді