
Бүгін Жаңақазан ауылдық және балалар кітапханасының «Жаңа дәуір: жаңа қоғам – заманауи кітапхана» ашылу салтанаты өтті.
Аталған кітапхана «Ауыл кітапханаларын модернизациялау» жобасы аясында «Қазақстан халқына» қорының қаржылық қолдауымен «Тана» қоғамдық қоры модернизациялау жобасы бойынша қажетті заманауи үлгідегі құрал-жабдықтармен, жиҺаздармен жаңартылған.
Салтанатты жиында Жаңақала ауданы әкімі Көшкінбаев Алпамыс Жаңабайұлы, «Тана» қоғамдық қорының жоба-менеджері Сейітқалиева Динара Болатқызы, Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап-ғылыми кітапханасының директоры Уразаева Шолпан Қуанышқалиқызы бүгінгі айтулы мерекемен құттықтап, ел игілігіне беріліп отырған жаңа ғимараттың лентасын қию рәсімін жасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-zhangala/press/news/details/1012422?lang=kk
Жауап қалдыру