
2025 жылғы 2 маусым күні сағат 16:00-де аудандық мәслихаттың кезекті жиырма үшінші сессиясы өтті. Сессияға аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы Нұрлан Ахметов төрағалық етті.
Отырысқа аудан әкімі Айбек Көпенов, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары, қоғамдық кеңес пен ардагерлер кеңесінің төрағалары қатысты.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1️⃣ “Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” ММ-нің атқарған жұмысы;
2️⃣ “Байғанин орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі” КММ-нің қызметі;
3️⃣ 2024 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы және оны бақылау қорытындылары туралы тексеру комиссиясының есебі;
4️⃣ Өзге де ұйымдастырушылық мәселелер.
Барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1015959?lang=kk

Жауап қалдыру