Бюджеттiң ашықтығы мен бақылауын арттыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзара iс-қимылды күшейту

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

  «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайту, сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік төзімділік» саясатын іске асыру және бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне бақылауды қамтамасыз ету шеңберінде Ұлытау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаменті, Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (ІМАД) және Тексеру комиссиясының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.
   Кездесудің негізгі мақсаты – мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор қызметіндегі заңбұзушылықтардың алдын алу, ашықтық пен есептілікті арттыру бойынша жүйелі шараларды талқылау болды.
   Іс-шара барысында тараптар ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, ақпаратпен жедел алмасу және тәуекелдерді анықтауға бірыңғай көзқарас аясында бірлескен тексерулер жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Жаслан Хамитов:
«Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күресу ғана емес, оның алдын алу да аса маңызды. ІМАД және Тексеру комиссиясы бірлескен күш-жігеріміз бұзушылықтарды ерте кезеңде анықтауға және оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға мүмкіндік береді» – деді.
   Өз кезегінде, ІМАД пен Тексеру комиссиясының өкілдері бюджет қаражатының мақсатты және тиімді жұмсалуын, сондай-ақ қаржылық тәртіптің сақталуын бақылау бағытында ашықтық қағидаттарына адал екенін және әрі қарай да ынтымақтастыққа дайын екендерін білдірді.
   Тараптар әріптестік пен институционалдық өзара іс-қимылды нығайту сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, ашықтық пен есептілік деңгейін арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік органдар қызметіне азаматтардың сенімін күшейтуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

 

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-ulytau/press/news/details/1016318?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді