Ақмола облысының медициналық ұйымдарының басшыларымен онлайн режимде семинар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 11 маусымында ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Оспанова Айгульалмазовна Ақмола облысының медициналық ұйымдарының басшыларымен онлайн режимде семинар өткізді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы ҚР ДСМ112/2020 бұйрығымен бекітілген рецепттерді жазу, есепке алу және сақтау қағидалары бойынша, М. А. бұйрығымен бекітілген 078/е нысандағы бланкілерде медицина қызметкерлерінің рецептілерді жазуы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің “Денсаулық сақтау саласындағы нысанды есепке алу құжаттамасын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы2020 жылғы 30 қазандағы ҚР ДСМ175/2020,дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту туралыҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес дәрігердің рецептері бойынша босатылуға жататын дәрілік заттарды өткізу бойынша 17 2020 жылғы қыркүйек ҚР ДСМ104/2020, сондай-ақ, “Әкімшілік құқық бұзушылық туралыҚазақстан Республикасы кодексінің 82бабына сәйкес медицина қызметкерлерінің дәрілік заттарды өткізу қағидаларын және рецепт жазу жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік туралы семинарға қатысушыларға жеткізілді.

Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Айгүл Алмазқызы Департамент мамандарының рұқсат беру бақылауын жүргізу және мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді сақтау мәселелерін айтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-akmola/press/news/details/1016250?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді