“Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру” мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері: “Электрондық үкіметтің” веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы және “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы арқылы.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: Күнтізбелік 30 (отыз) күн.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі: 1) “Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру” мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру туралы өтініш
2) мыналарды ауыстырған кезде:
құндылығы аз ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге және бағалырақ түрге – аудандар мен қалалардың ауыл және су шаруашылығы саласындағы уәкілетті органдарының қорытындылары мен ұсыныстары бар түсіндірме жазба;
суарылмайтын егістіктерді ауыл шаруашылығы алқаптарының басқа құндылығы аз түрлеріне – ауыл және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы келісуші облыстық уәкілетті органдардың қорытындылары мен ұсыныстары бар түсіндірме жазба;
3) ауыл шаруашылығы алқаптарының бір түрден екіншісіне ауыстыруға белгіленген жерлердің экспликациясы;
4) басқасына ауыстыру белгіленген ауыл шаруашылығы алқаптарының орналасқан жері, олардың алаңдары, пайдалану түрі, ауыстыру себебі көрсетілген далалық зерттеп-қарау актісі және келісуші мемлекеттік органдар бөлімшелерінің өкілдері мен осы жерлердің барлық мүдделі уәкілетті жер пайдаланушылары (иеленушілері) қол қойған, басқа түрге ауыстыруға белгіленген ауыл шаруашылығы жерлері көрсетілген далалық зерттеп-қарау сызбасы;
5) жер учаскелерінің сапалық сипаттамасы;
6) суару желісінің, жайылма суару жүйесінің, суландыру құрылыстарының техникалық жай-күйі, сондай-ақ негізгі қорлардың құны туралы мәліметтер;
7) жер учаскесі әуеайлақ маңындағы аумақта орналасқан жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларына сәйкес берілетін рұқсат.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Көрсетілетін қызметті берушінің ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер 1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін ұсынылған қажетті деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұранымға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы:
4) осы елді мекенде жайылым тапшылығы болған жағдайда, жайылымдарды егістікке ауыстыруға тыйым салынады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-bolshevik/press/news/details/1015944?lang=kk

Жауап қалдыру