
2025 жылғы 12 маусымда Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес өтті. Іс-шара басқарма басшысының орынбасары А. Бейсбаевтың төрағалығымен, сондай-ақ басқарма қызметкерлерінің қатысуымен өткізілді.
Кеңесте А. Бейсбаев «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршаға ортақ іс» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң талаптарының орындалуы жөнінде баяндама жасады. Кеңеске қатысушылар өз сөздерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басты мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою екенін атап өтті.
Сыбайлас жемқорлық – кез келген өркениетті қоғам үшін ең өзекті мәселелердің бірі. Ол қоғамда өзекті әрі қауіпті індетке айналып отыр.
Сондай-ақ қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыты – оның алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылықтарға себеп болатын жағдайларды анықтап, жою екеніне назар аударды.
Қорытындылай келе, кеңеске қатысушылар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру, сондай-ақ олардың салдарларын жою – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің басты міндеті екендігін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-hcs/press/news/details/1016389?lang=kk

Жауап қалдыру