
Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!
2025 жылдың 13 маусымында «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-конкурсы өтетінін қуана хабарлаймыз. Отандық тауармен түрлерімен танысуға және өндірушінің бағасымен сатып алуға мүмкіндік бар!
Көрмеге өңірдің 70-тен астам отандық тауар өндірушілері қатысады, олардың арасында: жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі, жиһаз өнімдері мен ағаштан жасалған бұйымдар, медициналық бұйымдар мен косметика, құрылыс индустриясы, машина жасау және өзге де салалар қатысады.
Өңірлік конкурс-көрме қорытындысы бойынша үш санат бойынша 9 жеңімпаз анықталады:
– «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;
– «Халық үшін үздік тауарлар»;
– «Үздік азық-түлік тауарлары».
Күні мен уақыты: 2025 жылғы 13 маусым, сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін.
Өтетін орны: Көрме орталығы мекен-жайы бойынша: Шымкент қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 12
Кіру тегін!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-kasipkerlik/press/news/details/1016462?lang=kk

Жауап қалдыру